Қазақстанда жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ел аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері республика бойынша заңсыз айналымнан 900-ден астам қару тәркіленген. Оның ішінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару анықталған. Сонымен қатар төрт мыңнан астам оқ-дәрі айналымнан шығарылды.

27-29 сәуір аралығында елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өтті. Үш күн ішінде құқық қорғау органдары 67 дана атыс қаруы мен түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәріні тәркіледі.

27 сәуірде Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағалауынан Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тапты.

ІІМ заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын ескертті.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме