Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді

Фото: pexels
Қазақстанда Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді. Енді көмек тек азаматтар жүгінгеннен кейін емес, мәселе туындамай тұрып көрсетілуі мүмкін.

Бұл мәселе Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жиын Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті.

Аида Балаева атап өткендей, орталықтар "қағаз жүзіндегі мекеме" емес, халыққа нақты көмек беретін орынға айналуы керек.

Бұған қол жеткізу үшін "Цифрлық отбасы картасының" әлеуетін пайдалану, Орталықтардың штаттық құрамын күшейту, онлайн кеңес беру, қызметтің тиімділігін арттыру үшін заманауи тәсілдерді енгізу қажет екеніне тоқталды.

Аида Балаева жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жауаптыларға нақты тапсырма берді.

Біріншіден, бүкіл орталықтардың жұмысына қайтадан баға беріп, анализ жасау деген тапсырма берді. Біздің түрлі облыстардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына нақты тапсырма берді, бүкіл аудандарда осындай орталықтарды ашу. Жалақы мәселесін қарастыру. Материалдық-техникалық жағдайын қамту. Снежанна Имашева, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары

Қазір ел бойынша 158 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Биылдың өзінде осындай орталықтарға 30 мыңға жуық адам жүгінген. 24 мыңнан астам отбасыға кеңес берілді. Ал 5 мыңға жуық отбасы тұрақты әлеуметтік сүйемелдеуге алынған. Биыл ғана 30 мыңға жуық адамның көмек сұрауы көптеген отбасының әлі де дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Енді, орталықтардың нақты жұмыс нәтижесіне, сапасына басымдық беріледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді