Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиге Батыр есімі берілді

Фото: primeminister.kz
Ақтөбеде қоқыс арасынан табылған бөбекті сәбилер үйіне өткізуге дайындап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, қазір сәби қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Оған Батыр есімі берілген. Себебі дәрігерлер оның өмірге деген құлшынысы мен төзімділігін ерекше атап отыр. Ауруханаға түскен кезде салмағы 2 келі 900 грамм болған нәресте бүгінде 3 келі 120 грамм. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалағанымен, барлық талдауы қалыпқа келіп, салмақ қосып жатқанын айтады.

Айта кетелік, осыдан тура он күн бұрын көп қабатты үй ауласындағы қоқыс маңынан жаңа туған сәби табылған. Оны 13 жастағы оқушы құрбысымен серуендеп жүріп байқап қалған. Қыздар қозғалып жатқан қара пакетті көріп, алғашқыда мысық болар деп ойлайды. Артынша ересектерді шақырған. Ашып қарағанда, ішінде жаңа туған нәресте болыпты. Сәби дереу ауруханаға жеткізілген. Ал оны тастап кеткен көкек-ана әзірге табылған жоқ. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Семейде қойма өртеніп, қаланы қара түтін басқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты