Жекеменшік мектептерде 13 млн теңгеге қаржылық заңбұзушылық анықталды

Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 2026 жылғы 29 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жекеменшік мектептерге жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұған дейін жекеменшік мектептерде оқушылар санын жасанды түрде көбейту және балаларды мектептер арасында бірнеше рет жалған ауыстыру сияқты жүйелі заңбұзушылықтар анықталғаны туралы ақпарат жарияланғанын еске салды.

"Аудит өткен айда жүргізілді. Қазіргі уақытта оның қорытындысы бойынша нұсқама дайындалып жатыр. Алдағы күндері ол барлық мүдделі тараптарға, оның ішінде Қаржы орталығына және Оқу-ағарту министрлігіне жолданады, – деді Дәурен Темірбеков.

Оның айтуынша, тиісті материалдар құқық қорғау органдарына да беріледі.

"Сот процесі басталып кетті. Қазір келтірілген шығынды мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы анықталған қаржылық заңбұзушылықтардың көлемі 13 млн теңгені құрады, – деп толықтырды вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін