Қытайлық ірі компаниялар Ұлытау облысына 400 млн АҚШ долларына жуық қаражат бөледі

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды.

Құжаттар тұрғын үй қорын және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өнеркәсіпті дамытуға, шахталардағы өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге, төмен көміртекті индустриялық кластер қалыптастыруға және өңірде жел электр станцияларын салуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Форум Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, бизнес және инвестициялық қауымдастықтарының өкілдерін бір алаңға жинады. Ауқымды іс-шараға Қытайдың 20-дан астам ірі компаниясының делегациялары қатысты.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға дейін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Шэньси провинциясынан келген делегация басшысы Ван Цзинцзинмен екіжақты кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Ulytau Invest–2026" форумы барысында облыстың тау-кен металлургиясы, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, энергетика, логистика және инфрақұрылым салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасында B2B және G2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, жаңа жобаларды бірлесіп іске асыру және әріптестікті кеңейту бағыттары қарастырылды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шарада сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков халықаралық ынтымақтастық пен инвестиция тарту өңір дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, форум бұған дейін облыс делегациясының Қытайдың Сиань қаласына жұмыс сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нақты жалғасы болды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форумның ресми бөлігінен кейін Қытай делегациясының өкілдері өңірдегі инвестициялық алаңдар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап, іске асырылып жатқан және болашақ инвестициялық жобалармен танысты.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Тоқаев