Астанада жаңа әуежай құрылысы 2027 жылы басталады

Фото: pixabay
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында Астанадағы жаңа әуежай құрылысының қашан басталатынын және қандай әуежайлар жаңғыртылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде Қазақстанның әуежай инфрақұрылымы ауқымды жаңғыртудан өтеді.

"Бұған дейін айтылғандай, Астана әуежайын жаңғырту – басым міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылысты 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Авиациялық хабтарды дамыту жұмыстары Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы алты ірі әуежайда шоғырландырылады. Бұл үшін қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасалуда", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Оның сөзінше, жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтіп, халықаралық логистикалық тізбектерге ықпалдасуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Министр осы бағытта мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданып, жүк авиациясын дамытудың бес жылдық жоспары әзірленгенін атап өтті.

Еске салайық, 2026 жылғы 30 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу мәселесін созбалаңға салмауды тапсырған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Алматы метросынан төрт есе ұзын: Қытайда Азиядағы ең ұзын айналма метро желісі ашылды