Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың 7 ірі орны жойылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген 7 ірі орын толықтай жойылды. Бұған дейін бұл аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер заңсыз сатылған. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Бұл жұмыс қала әкімінің тапсырмасы бойынша белгіленбеген орындардағы сауданың жолын кесу және Алматы қаласын көріктендіру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету аясында жүргізілді.

Саудамен айналысқан азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері аудандық Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша құқық бұзушыларға қатысты жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, Кодекстің 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты