Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты

Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшерлерін белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік стипендияларды төлеу кезінде оператор мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы "Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындары операторға стипендия алатын білім алушылар туралы мәліметтерді әр айдың 12-сінен кешіктірмей жолдауға тиіс. Ұсынылатын ақпаратта білім алушы туралы нақты деректер, аралық аттестаттау, яғни емтихан сессиясының нәтижелері, стипендия алушының санаты, сондай-ақ оның таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте немесе Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотының деректемелері көрсетілуге тиіс.

Егер айдың 12-сі демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, мәліметтерді тапсыру мерзімі одан кейінгі алғашқы жұмыс күні аяқталады.

Оператор жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтерді тексеріп, оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті саланың өзге де уәкілетті органдарына қаржыландыруға өтінім жібереді.

Уәкілетті органдар стипендия алушылардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік стипендия төлеуге арналған қаражатты операторға аударады.

"Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесіне енгізілген мәліметтердің анықтығы мен дұрыстығына тиісті білім беру ұйымы жауап береді.

Егер жоғары оқу орны дұрыс емес мәлімет ұсынғандықтан мемлекеттік стипендия қате аударылса, білім беру ұйымы стипендия алушының артық төленген қаражатты операторға қайтаруын қамтамасыз етуге міндетті.

"Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" цифрлық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және ондағы стипендия алушылар туралы деректердің сақталуын Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік стипендияларды төлеуге арналған қаражаттың операторға уақтылы аударылуына Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен тиісті саланың өзге де уәкілетті органдары жауапты болады.

Ал мемлекеттік стипендиялардың алушылардың ағымдағы шоттарына уақтылы түсуін және оларды төлеуге байланысты есеп айырысуды оператор қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшерлері жаңа редакцияда белгіленді.

2024 жылғы 1 қыркүйектен және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап белгіленген стипендия мөлшерлері:

Қаулы 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды