Айдар Масатбаевтың сөзінше, қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыра алмай жүр.
"Сервистер жұмыс істемей тұр. Декларацияны тапсыру мүмкін емес – "500 қатесі" шығады. Мемлекеттік кірістер комитетінің қателер жіктемесіне сәйкес, бұл декларацияны комитет серверінің қабылдауы кезінде туындайтын қате. Қарапайым азаматтар бұл мәселені өздігінен шеше алмайды. Ең қиыны – жүйеде шимай жазбаны сақтау мүмкіндігі жоқ. Яғни адам декларацияны толтырғаннан кейін оны бірден жіберуі керек, ал сервер қате көрсетеді. Ақпараттық жүйелердің сапасыз жұмысы жеке тұлғаларға әсер етіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл мәселенің шешімі әзірге жоқ деп ойлаймын", – деді ол.
Оның айтуынша, қарапайым азаматтарға қолжетімді, нақты әрі түсінікті шешімдер қажет.
2026 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылға қатысты декларацияны 15 қыркүйекке дейін кімдер және қандай мәліметтер бойынша тапсыруға міндетті екенін түсіндірген еді.