Оңтүстікте жазғы жылу сақталады: Қазақстанда 10-12 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы 10, 11 және 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Оған солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Елімізде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды және жел күшейеді деп болжанып отыр.

"Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп +13...+23°C-қа дейін, орталық аймақтарда +15...+25°C-қа дейін төмендейді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын бәсеңдеп, ауа райы біртіндеп тұрақталады. Бұл өңірде күндізгі ауа температурасы +20...+28°C-қа дейін көтеріледі.

Ал еліміздің оңтүстігінде жазғы жылу сақталады. Оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жауады деп күтілгенімен, ауа температурасы жоғары болады.

Қазақстан бойынша бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекке арналған жалпы ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты