Алматыда жүргізуші айыппұл тұрағынан өз көлігін айдап әкетті

Фото: pexels
Алматылық тұрғынның көлігі орындалмаған әкімшілік айыппұлдардың көп болуына байланысты арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Алайда жүргізуші көлігін сол жерден өз бетінше айдап әкеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Көлік иесі құжаттарын алып кету сылтауымен арнайы айыппұл тұрағына келген. Кейін рөлге отырып, көлікті өз бетінше айдап кеткен.

"Полиция көлікті іздеуге кірісті. Автокөлік Райымбек даңғылында, Күдерин көшесіне жақын маңнан табылып, бұғатталды. Кейін көлік қайтадан арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Нәтижесінде жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлікті арнайы айыппұл тұрағынан өз бетінше алып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Полиция көліктің арнайы айыппұл тұрағында тұруы жай ғана формальды талап емес екенін еске салды. Оның аумағынан рұқсатсыз көлік алып шығу құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұған дейін Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге балл есептеу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Ал Қазақстан жолдарында полиция қызметкерлері жүргізушілерді қандай жағдайда тоқтата алатынын 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха түсіндірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді