Қазақстанда медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріледі

Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттестаттау қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес, басшылардың кәсіби құзыреттілігін бағалау кезінде медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, клиникалық көрсеткіштер, инфекциялық бақылау және қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі ескеріледі.

Сондай-ақ аттестаттау комиссияларының құрамын Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының өкілдерімен толықтыру, аттестаттау қорытындысы бойынша есеп беру тәртібін нақтылау және ескірген бағалау өлшемшарттарын алып тастау ұсынылып отыр.

Аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі. Ол басшылардың кәсіби құзыреттілігін бағалауға, басқаруды жетілдіру және медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өзгерістердің басты мақсаты – медициналық ұйымдарды жауапкершілікпен әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Бұл ретте пациенттің денсаулығы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі басты назарда болуы тиіс.

Сонымен қатар өзгерістер мен толықтырулар жергілікті деңгейде аттестаттау рәсімдерінің объективтілігін арттыру және олардың бірыңғай тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты әзірленген. Аттестаттау комиссияларының жұмысына Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету де көзделіп отыр. Ал есеп ұсыну тәртібін белгілеу аттестаттау нәтижелерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби құзыреттілікті бағалау кезінде қолданылатын медициналық ұйымның даму жоспарының көрсеткіштерін де қосымша нақтылау қажет. Бұл олардың бірмәнді түсіндірілуін және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді.

Аталған өзгерістер аттестаттаудың негізгі қағидаттарын қайта қарамай, қолданыстағы тетігін жетілдіруге бағытталған.

Күтілетін нәтижелер:

Құжат "Ашық НҚА" порталында 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды