Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 452,12 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,39 теңгеге дейін төмендеді (–0,02).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 67,67 теңгені құрады (–0,13).
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 451,81 теңге, сату – 453,7 теңге. Еуроны сатып алу бағамы – 505,5 теңге, сату – 510 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,23 теңге, сату – 5,34 теңге.
16 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелі 0,72 долларға арзандап, 105,2 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың баррелі 0,66 долларға арзандап, 97,31 долларға дейін төмендеді.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 454,14 теңге, еуроны 509,23 теңге, рубльді 5,41 теңге деңгейінде белгіледі.
16 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталары қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын осы жерден көруге болады.