Люкс санатындағы көліктер мен ірі бизнес: Еңбек министрлігі А және В санаттарына қандай отбасылар жататынын тү

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 16 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты әл-ауқат деңгейіне қарай бөлудегі А және В санаттарына кімдер жататынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, отбасын А санатына жатқызу үшін бір мезгілде кемінде екі белгі болуы қажет.

"Олардың қатарында жан басына шаққандағы табыстың 356 мың теңгеден басталуы, отбасының әр мүшесіне шаққанда жалпы ауданы 120 шаршы метрден асатын бірнеше тұрғын үй нысанының, коммерциялық жылжымайтын мүліктің, ірі бизнестің, люкс санатындағы автокөліктің болуы бар. Көліктің шығарылған жылы ескеріле отырып, 11 марка есепке алынады: Ferrari, Rolls-Royce, Lamborghini, Bentley, Porsche, Maybach, Maserati, Aston Martin, McLaren, Lotus және Rivian. Сондай-ақ ірі көлемдегі жер және ауыл шаруашылығы активтері ескеріледі. Бір ғана көрсеткіш отбасын А санатына жатқызуға негіз болмайды", – деді Ертаев.

Ол А санатына ең ауқатты отбасылар жататынын нақтылады. Олардың қатарында Forbes тізіміне енгендер, ірі бизнес, қомақты мүлік және ауыл шаруашылығы активтерінің иелері бар.

Елімізде мұндай 329 мың үй шаруашылығы бар. Бұл – жалпы санның 5%-ы.

Әңгіме жоғары әл-ауқатын растайтын белгілері бар және өз қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ете алатын отбасылар туралы болып отыр.

Ал В санатына ауқатты, экономикалық тұрғыдан тұрақты отбасылар жатады.

"Бұл санат үшін де кемінде екі белгі қажет. Олар – жан басына шаққанда 305 мыңнан 356 мың теңгеге дейінгі табыс, бірнеше жылжымайтын мүлік нысаны, премиум санатындағы көліктер (Mercedes-Benz, BMW, Audi, Lexus, Genesis, Toyota Land Cruiser), орта бизнес, коммерциялық мақсаттағы көлік. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы, жер учаскелері және мал басы ескеріледі. В санаты экономикалық тұрғыдан тұрақты отбасыларды қамтиды. Оларға жеке және квазимемлекеттік сектордағы жоғары буын басшылары, жоғары жалақы алатын мамандар, кәсіпкерлер және қомақты активтердің иелері жатады", – деді министр.

Төрт адамнан тұратын отбасы үшін табыс өлшемі айына 1,2 млн теңгеден 1,4 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Елімізде мұндай 1 млн 50 мың үй шаруашылығы бар. Бұл – жалпы санның 16%-ы.

Бұған дейін Қазақстандағы бай адамдардың саны есептелгені туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды