Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге бөлінді – Мемлекет басшысы

Фото: akorda.kz
Соңғы жеті жылда Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуға 88 трлн теңге бөлінді. Бұл қаражат халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған инвестиция ретінде қарастырылуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Медициналық қызметтің сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарып келеді. 2019 жылдан бері ел бойынша 1 259 денсаулық сақтау мекемесі салынған.

Сонымен қатар Конституцияда азаматтарға кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі нақты белгіленген. Ел тұрғындары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз ала алады.

Бұдан бөлек, еліміздегі барлық мектепте бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтағы балаларға тегін ыстық тамақ беріледі. Мұндай қолдаумен 1,7 миллионнан астам оқушы қамтылған.

Сондай-ақ елде түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Алайда олардың кейбірі заңсыз жолмен алынуы мүмкін. Қазір Үкімет әлеуметтік қолдау тетіктерін жан-жақты зерттеп, осы мәселені қарастырып жатыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты