"Қазгидромет" мәліметінше, 26 қазанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер үсік жүріп, қауіпті ауа райы құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертті.