"Қазгидромет" мәліметінше, 5 қарашада Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Павлодар қалаларында, ал түнде Астана мен Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
Сондай-ақ "Қазгидромет" мамандары дауылды ескерту жариялады. Еліміздің кейбір өңірлерінде -3°С-қа дейін үсік түсіп, қар жауып, шаңды дауыл соғуы мүмкін.