Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін марапаталды:
"Парасат" орденімен
- Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
"Құрмет" орденімен
- Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы
- Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы
- Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы
- Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
- Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;
9 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, мемлекет спортты дамытуға ұдайы көңіл бөліп келеді. Соңғы бес жылда елімізде осы салаға 616 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Тоқаев атқарылған жұмыстың нәтижесі көріне бастағанын атап өтті.