Астана
13 қарашада күн ала бұлтты болып, аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы болады.
14 қарашада күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы болады.
15 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы болады.
Алматы
13 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы болады.
14 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде 3–5 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы болады.
15 қарашада күн ала бұлтты болып, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы болады.
Шымкент
13 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы болады.
14 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнде 2 градус, күндіз 9–11 градус жылы болады.
15 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1–3 градус, күндіз 12–14 градус жылы болады.
Бүгін, 2026 жылғы 12 қарашада, Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды.