Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді.
"Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел күшейіп, боран соғады. 30 қарашада Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын мол болады (жаңбыр, қар)", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Болжам бойынша, 30 қарашаға қараған түні:
- батыста 5–12 градус аяз болады;
- солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 10–18 градус аяз болады;
- шығыста 7–12 градус, ал осы өңірдің таулы аудандарында 15–20 градус аяз болады.
"Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Қыстың басталуына санаулы күн қалды.