Қағидаларда ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгерту, оларды күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және қайта жоспарлау тәртібі нақтыланды. Бұл жұмыстар ҚР Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес жобалау құжаттамасы негізінде жүргізіледі.
Үй-жайларға жабдық орналастырған кезде баспалдақ торлары мен эвакуация жолдарына апаратын өту жолдары қалдырылуға тиіс. Бұл жолдар мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы керек.
Жатақханаларда, өнеркәсіп кәсіпорындарының әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарында, сондай-ақ тұрғын үйлерде зауытта жасалған пештерді орнатқан кезде өндіруші зауыттың нұсқаулығын сақтау қажет. Сонымен қатар жылыту жүйелеріне қойылатын мемлекеттік нормативтік талаптар орындалуға тиіс.
Электромобильдер мен оларды қуаттау станцияларын көлік бокстарына, паркингтерге, көлік тұрағына арналған үй-жайларға, өндірістік гараждарға, бастырма астына және көлік сақтайтын ашық алаңдарға орналастырған кезде де мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау қажет.
Автожанармай құю станцияларының аумағы, ғимараттары, құрылыстары мен құрылымдары автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы жүйелерімен жабдықталуға тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды басқару жүйелері орнатылуы қажет.
Бұйрық 2026 жылғы 7 желтоқсанда күшіне енеді.