Доллар арзандап, рубль бағамы өзгеріссіз қалды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 27 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 0,61 теңгеге төмендеп, 458,13 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 5,58 теңге деңгейінде қалды. Қытай юані 0,17 теңгеге арзандап, 68,77 теңге болды.

Айырбастау пункттерінде долларды 457 теңгеден сатып алып, 458,8 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы – 500,5 теңге, сату бағамы – 504,8 теңге. Рубльді 5,24 теңгеден сатып алып, 5,35 теңгеден сатып жатыр.

27 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр. ICE Futures биржасындағы электрондық саудада Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері 0,85%-ға қымбаттап, барреліне 92,45 долларға жетті.

NYMEX биржасындағы электрондық саудада WTI маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 2,64%-ға қымбаттап, барреліне 85,89 долларға жетті.

Бүгін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,85 теңге, еуроныкін 503,5 теңге, рубльдікін 5,59 теңге деп белгіледі.

27 қарашада түске дейін еліміздегі айырбастау пункттерінде шетел валютасының қандай бағаммен сатылып, сатып алынғанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек