Азамат Сатыбалды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды

Сурет: Instagram/azamatc
Танымал актер Азамат Сатыбалды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлап, жаңа ректорды қызметімен құттықтады.

Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын! Өнер адамының тағдыры ерекше! Қалың көрермен қауым АЗАМАТТЫ театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды. Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар.

Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген АЗАМАТТЫҢ қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол. Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін! деп құттықтауын жеткізді Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалды бұған дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрын басқарған еді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты