Желідегі видео: Үстел басында "жұлдыздармен" бірге отырған Нұрлан имам көптің сөзіне қалды

Сурет: instagram.com/nurlanimam.kz
Әлеуметтік желіде көптен бері көрінбей кеткен Нұрлан имам мен әнші Тамара Асардың дастархан басында бірге отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода дастарханға ет әкелінгенін байқауға болады. Сол әкелінген табақты қайта әкетуге келген даяшы қызды имам орта жолдан тоқтатып қойып, ондағы туралған етті "жұлдыздарға" өз қолымен таратып беруді жөн көреді.  Бірақ бұл процесс ұзаққа созылып, табақты ұстаған қыздың қолы да, белі де талып кетеді. Оны бұзылып кеткен қыздың түрінен анық аңғаруға болады. Әбүйір болғанда, жігіт даяшы келіп, қыз баланы алмастырады.

Қызды сонша қинап қойып, жайбарақат ет жеп отырған дастархан басындағы адамдардың қылығы желідегілердің ашуын туғызған.  

Бұған дейін TikTok-та "стримге" шығып, әңгіме айтқан шымкенттік әйелдің сотталғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ желідегі аудиожазбаға қатысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы