Түркістандық полицейлер жүргізушіден 2,5 келі есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері арнайы жедел-іздестіру шаралары аясында, ірі көлемде есірткі сақтаған Қазығұрт ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер ақпарат көздері арқылы Шымкент тас жолы бойында заңға қайшы зат алып жүруі мүмкін деген күдікпен DAEWOO NEXIA көлігін тоқтатқан.

Полицейлер автокөлікке тінту жүргізіп, нәтижесінде оның жүк салғышынан күмәнді жол сөмкесін тапты. Ал сөмкеден полиэтилен пакетке салынған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 39 дана орама табылып, тәркіленді.

Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында табылған затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы оның 2 келі 508 грамм марихуана екендігін растады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды