Костенко шахтасындағы апат: ауруханаға қанша адам жеткізілді

Сурет: pixabay
2023 жылғы 28 қазанда Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан қанша адам ауруханаға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 18 адам аруханаға жеткізілген.

"Барлығына медициналық көмек көрсетілуде. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді".Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы

Басқарманың мәліметінше:

"Стационарға 17 адам ауруханаға жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді", – делінген хабарламада.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұған қоса мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Шахтадағы өрт фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.

2023 жылғы 28 қазан күні Үкіметтің баспасөз қызметі "АрселорМиттал" АҚ-тың меншік құқығы Қазақстанға өтетінін мәлімдеді. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізген және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты