БҚО-дағы қазіргі ахуал: Оралда қанша саяжайды су алды

БҚО-да жергілікті масштабта алты төтенше жағдай жарияланды. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы бойынша, Орал қаласында, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде 20 жол төсемін су шайып кетуі бақылауға алынған. Сондай-ақ өңірде көлік қатынасы жоқ тоғыз елдімекен бар: Қаратөбе ауданы: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары, Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылы.

"Саяжайлардағы 3 294 үйді су басты. Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.13 819 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 725 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасқан, оның ішінде 985 бала, 11 519 адам туыстарында.4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды". БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетсек, 21 сәуірде түстен кейін Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүріп, Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басқаны хабарланған

Сондай-ақ 21 сәуірдегі таңертеңгі ақпарат бойынша, Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (850 см) асқаны хабарланған.

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: