Астананың сол жағалауында жарық қалпына келтірілді

Сурет: unsplash
Астананың сол жағалауындағы электр желілеріндегі ақау толығымен қалпына келтірілді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Астана-АЭК" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
 "2024 жылғы 13 желтоқсанда "Шұбар" қосалқы стансасындағы авариялық ажырату салдарынан жарықсыз қалған нысандардың барлығына жарық берілді, ақау толығымен қалпына келтірілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған кабельдерді ұрлау салдарынан туындаған 10 киловаттық желінің зақымдануы болды. Технологиялық бұзушылықтың салдарынан үш тарату пунктіне қарасты 11 тұрғын үй кешені мен екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Апатты жоюға сегіз жедел-көшпелі бригада жұмылдырылғаны нақтыланады. 

"Қалпына келтіру жұмыстары барысында электрмен жабдықтау ДМ -ға қосылған бес жабдық бойынша уақытша қамтамасыз етілді. "Астана-АЭК" АҚ тұрғындарға түсіністік пен шыдамдылық  танытқандары үшін алғыс білдіреді", - дейді компаниядағылар.

Бұған дейін Астанада сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үй кешендері жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды