Зергерлік дүкеннен алтын бұйымдар ұрлаған елордалық қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Елордада зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарды жымқырған күдікті анықталды. Полицияға қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің сауда үйлеріндегі зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға елордадағы сауда орталықтарының бірінде орын алған. 53 жастағы ер адам зергерлік бұйымдар сататын бутиктердің біріне кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді сұраған.

Таңдаған бұйымдарын мұқият қарап шыққан соң, ол сатушыны түрлі әңгімемен алдап, алтын сақиналарды жымқырып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Келтірілген материалдық шығын 315 мың теңгеден асты. Ұрланған бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізіп, түскен қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

Нұра ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласы полиция департаменті сауда орындарының иелеріне қырағы болуды ескертіп, дүкендерді ұрлықтан қорғау бойынша қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді