Елордада 25 талапкерді алдаған жалған делдал әшкереленді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласында полицейлер жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура бағдарламаларына грант алып беремін деп уәде етіп, 25-тен астам талапкерді алдаған 34 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті өз "қызметін" таныстары арқылы ұйымдастырған. Cенгіш азаматтар бір-біріне оны ұсынып, жалған ақпаратты шындыққа балаған. Ол телефон арқылы сенімді сөйлесіп, "кепілдендірілген нәтиже" уәде еткен және қызметі үшін қомақты қаражат сұраған. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ біраз уақыттан соң байланысқа шықпай, ізін суытқан.

"Мәселен, бір әйел магистратураға грант алу үшін күдіктіге 1 миллион теңге берген. Қаражатты иеленген соң ер адам ғайып болған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер оның жеке басын анықтап, қамауға алды. Қазір ол ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық бабымен тергеліп жатыр",- деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін астаналық 270 млн теңгеге автонесие арқылы алаяқтық жасағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады