ІІМ қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті. Соңғы уақытта құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп отыр.

Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс ретінде таныстырады. Кейін түрлі сылтаулармен шұғыл түрде ақша аударуды немесе қарызға ақша беруді сұрайды.

Ведомство азаматтарға ақша аудару туралы өтініштерге сенбеуге кеңес береді, тіпті мұндай хабарламалар өзіңіз танитын адамдардың атынан келсе де сақ болған жөн.

Сондай-ақ:

"Осындай хабарлама алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексеріңіз. Ол үшін адаммен өзіңіз білетін телефон нөмірі арқылы немесе ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!" – деп атап өтті ІІМ өкілдері.

Бұған дейін алаяқтардың жаңа құрбаны зейнеткерлер болғаны хабарланған еді. Солтүстік Қазақстан облысында 90-ға жуық зейнеткер олардың әрекетінен зардап шеккен.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін