Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 11 қыркүйегінде "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ереже бекітіліп, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының өкілеттіктері айқындалды.

Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппаратына жаһандық сын-қатерлер мен елдегі ахуалдың өзекті мәселелеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелді.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының құзыретіне:

Сонымен қатар ол ақпараттық және киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Бұдан бөлек, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары тиісті шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді, халықаралық байланыстар орнатады және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жұмысын ұйымдастырады.

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Жаңа орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бақылау жүйесін жетілдіру және күшейту, мемлекеттік басқарудың орнықтылығын қамтамасыз ету, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне институционалдық қолдау көрсету, сондай-ақ олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.

Бұл міндеттер Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық құрылыс негіздерін қорғауға бағытталған.

2026 жылғы 29 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде құрылды.

2026 жылғы 5 қыркүйекте Президент Жарлығымен Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы болып тағайындалды. Сондай-ақ 2026 жылғы 31 тамызда Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан
Молния
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді