Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентін қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 18 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Қазақстанда үстел теннисін дамытуға дәйекті қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміздің Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жастардың үстел теннисіне қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір елімізде 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ спорт резервін даярлауға және жарыстар өткізуге арналған инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қолға алынған.

Мемлекет басшысы 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл – Орталық Азияда аталған спорт түрінен өтетін алғашқы әлем біріншілігі.

Кездесу барысында алдағы чемпионаттың тарихи маңызына назар аударылды. Жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде кеңінен қанат жаюына жол ашады.

Өз кезегінде Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, федерацияның осы спорт түрін одан әрі дәріптеу жоспары туралы баяндады.

Қазақстан
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді