Алматыдағы теміржолда арнайы оқу-жаттығу өтеді: тұрғындарға алдын ала ескерту жасалды

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 12 қарашада Алматының Жетісу ауданында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Бұрындай көшесінің бойындағы теміржолда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-жаттығу барысында көлік инфрақұрылымы нысандарындағы террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу іс-қимылдары пысықталады. Бұл ретте жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысын шектеу жоспарланбаған.

Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және ресми хабарламаларды қадағалауды сұрайды. Сондай-ақ қала тұрғындарын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Билік өкілдері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Астана маңындағы қала тұрғындарына ескерту жасағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді