200 мың доллар мен 4,4 млн рубль – ҰҚК шекарада ірі көлемде валюта анықталғанын хабарлады

Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі он күн ішінде декларацияланбаған валютаны елден алып шығудың 59 әрекетіне тосқауыл қойды. Валютаның жалпы сомасы теңгеге шаққанда 508 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қарашада Ақтөбе облысында шекарашылар Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 рубль тапқан. Бұл – шамамен 23 млн теңге.

Ал 23 қарашада "Қордай" өткізу пунктінде шетел азаматы 200 мың долларды шекарадан жасырын алып өтпек болған. Бұл сома шамамен 91 млн теңгеге тең.

"Аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігіне қарай құзыретті органға берілді", – деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Шекара қызметі Қазақстаннан сомасы 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын тағы да еске салды.

Бұған дейін ҰҚК сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек