Конституциялық Сот түсіндірді: акционердің шешімі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын өздігінен тоқтатпайды

Фото: pexels
Қазақстандықтар Конституциялық Сотқа жүгініп, "АҚ туралы" заңның 36-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұрады. Аталған норма акционерлердің жалпы жиналысына қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша өзге органдары қабылдаған шешімдердің күшін жою құқығын береді.

Өтінішке "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жалғыз акционері қабылдаған шешім себеп болған. Жалғыз акционер директорлар кеңесінің лауазымдық айлықақылардың жаңа схемасын бекіту туралы шешімінің күшін жойған. Өтініш берушілер осыған қатысты бұйрыққа сотта дау айтқанымен, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар олардың талаптарын қанағаттандырмаған.

Өтініш берушілердің пікірінше, даулы норма акционердің өкілеттігін жеткілікті дәрежеде шектемейді. Соның салдарынан акционер жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға тиісті кепілдік берместен, сол құқықтарға әсер ететін шешімдердің күшін жоя алады.

Конституциялық Сот акционерлердің жалпы жиналысының өкілеттігі заңнамада және қоғамның жарғысында айқындалатынын атап өтті. Жалпы жиналыс қоғамның ішкі қызметіне қатысты өзге органдардың шешімдерін заңда белгіленген шектеулер мен жарғы ережелерін ескере отырып жоя алады.

Соттың түсіндіруінше, акционерлік қоғам органының шешімі күшін жойған күннің өзінде жұмыскерлердің бұған дейін туындаған еңбек құқықтары автоматты түрде тоқтатылмайды және өзгермейді. Еңбек қатынастарының талаптарын заңнамада және еңбек шартында көзделген негіздер бойынша әрі белгіленген тәртіппен ғана өзгертуге болады. Заңда арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, Еңбек кодексі еңбек шартының талаптарын біржақты өзгертуге жол бермейді.

Өтініштерді алдын ала зерделеген Конституциялық Сот даулы нормадан өтініш берушілердің конституциялық құқықтарының бұзылғанын көрсететін белгілер таппады. Олардың уәждері негізінен директорлар кеңесі шешімінің күшін жоюдың құқықтық салдарына, еңбекақы төлеу талаптарының өзгеруіне және жалпы юрисдикциядағы соттардың істің мән-жайларына берген бағасына қатысты болды.

Бұл мәселелерді шешу соттардың құзыретіне жатады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды