Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 11 қазанда "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар.

Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты.

Сурет: Ақорда

Сурет: Ақорда

Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, Президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар "Мыңжылдық" аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын.

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін бүгін Астанада ауқымды жалпы халықтық сенбілік өтіп жатқаны хабарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты. Президент қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді