Президент қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысын жеделдетуді тапсырды

Сурет: Ақорда
Президент қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы 2025 жылы 11 қазанда "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көргеннен кейінгі қала активінің есебін тыңдау кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіздің қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауытты салу жөніндегі тапсырмаңызды орындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жоба утиль алым есебінен қаржыландыруда, 15 жылға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3 пайызбен жеңілдетілген несие берілуде", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысты көктемге дейін бастап кететіндерін, ал құрылысты салу мерзімі екі жылды алатынын жеткізді.

"Тездету керек. Әйтпесе, осындай зауыттар болмаса, жұмыстың бәрі бос", - деді өз кезегінде Мемлекет басшысы.

Бұған дейін бүгін Астанада ауқымды жалпы халықтық сенбілік өтіп жатқаны хабарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты. Президент қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты. Сондай-ақ Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді.

Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді