Қазақстандық балуан әлем чемпионатындағы "алтын" жеңісі үшін пәтер алды

Сурет: ҚР күрес федерациясының баспасөз қызметі
Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем және Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановқа Астанада екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі чемпионаты басталды.

Бірінші жарыс күні үздік спортшыларды марапаттау рәсімі өткізілді, деп жазады sportarena.kz.

Шара барысында 70 кг салмақ дәрежесінде 2024 жылғы еркін күрес әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа Астанадағы екі бөлмелі пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали федерациядан 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазақстан
Қазақстан мақтанышы
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен