Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-шы нөмірде өнер көрсетеді

Сурет: Instagram/chelseafc
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Австралия мен Азиядағы жолдастық матчтарға қатысып, 36-шы нөмірде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дастан Сәтбаев тамыз айында кәмелет жасына толған соң ресми түрде "Челсидің" ойыншысы атанады, деп жазады sportarena.kz.

"Челси" алдағы тур барысында Австралия мен Азияда бірнеше жолдастық матч өткізеді. Қатарында Дастан Сәтпаев та бар лондондық команда "Вестерн Сидней Уондерерс", "Тоттенхэм", "Ювентус", "Милан" және "Джохор Дарул Тазим" сынды қарсыластармен кездеседі.

Сәтпаевқа 36-шы нөмір бейнеленген жейде бұйырды.

Клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшының командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешімді маусымалды дайындық қорытындысы бойынша қабылдайды.

Бұған дейін қазақстандық ескек есуші жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған.

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды