Төртінші алтын медаль! Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Каратэден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Софья Берульцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Софья 68 келіден жоғары салмақта финалға дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз финалда таиландтық Манееван Буцуванды жеңді. Осылайша ол жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Қазақстандық каратэші финалға дейін Дина Мостафаны (Сауд Арабиясы) жеңсе, жартылай финалда Непал өкілі Арика Гурунгтен басым түсті.

Бұл Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Каратэші бұған дейін Ханчжоу-2022 ойындарында да алтын медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, бұған дейін Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола алды. Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасы қазіргі бессайыстан қола медаль еншіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған