Азиада-2026: Қазақстан медальдар жиынтығы бойынша жарыс кестесінде тағы бір сатыға жоғарылады

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan, instagram/taekwondo_wt_kz
2 қазанда Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сәтте Қазақстан спортшылар делегациясы ХХ Азия ойындарының командалық есебінде 77 медальмен (12 алтын, 21 күміс және 44 қола) сегізінші орында тұр.

Көш басында, әдеттегідей, қарсыластарына жеткізбей келе жатқан Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея тұр.

Өткен жарыс күні біздің атлеттер көптеген спорт түрлерінен мол олжаға кенелді, олардың ішіндегі ең бастысы – ұзақ уақыт бойы күткен үш алтын медаль.

2 қазанда Жапонияда Қазақстан әнұраны алдымен отандық боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың құрметіне екі рет шырқалды.

Содан кейін жанкүйерлер таеквондошы Тамерлан Тілеулестің тарихи жетістігіне куә болды.

Жарыс күні тағы бір ең жоғары марапатпен аяқталуы мүмкін еді, бірақ қазақстандық әйелдер күрес құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова финалдық белдесуде жапониялық, олимпиада чемпионы Юка Кагамиді жеңе алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін