Қазақстандағы банктер үшін есеп берудің бірыңғай ережелері қабылданады
Фото: freepik
Атап айтқанда, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды қоса отырып, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдарының және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның есептерді ұсынуының бірыңғай қағидаларын бекіту ұсынылады.
Осылайша, Ұлттық Банктің нормативтік есептілікті ұсыну бойынша өзара байланысты ұқсас мәселелерді реттейтін үш нормативтік құқықтық актісі біріктірілетін болады:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі No 54 Қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 2 наурыздағы No 22 Қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 29 маусымдағы No 139 Қаулысы.
Жаңа ережелер бекітілгеннен кейін аталған нормативтік құқықтық актілердің қолданысы тоқтатылады, бұл ретте екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдары және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ үшін есеп беру нысандары және оларды ұсыну тәртібі өзгермейді.
Құжат 2025 жылдың 6 тамызына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.