Мемлекеттік кірістер комитеті: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтар мен төлемдер бүтін теңгемен есептеледі
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілер салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бүтін теңгемен есептей ала ма? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа Салық кодексінің 204-бабына сәйкес, салықтық есеп жүргізу қағидалары айқындалған.
Аталған нормаларға сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепті теңгемен, есептеу әдісі бойынша, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен жүргізеді.
"Осыған байланысты салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеу кезінде тиынмен шыққан сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді", – делінген комитеттің жауабында.
Бұған дейін мүгедектігі бар қызметкерлерге жеке табыс салығы бойынша шегерімдер туралы жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript