Теңге тағы нығайды: доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендеді

Разная валюта, разные валюты, обменник, обменники, обмен валют, курс валют, обмен валюты, курс валюты, доллары, евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 15:52 Фото: freepik
22 сәуір күні Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен күндізгі сауда қорытындысы бойынша теңге бағамы нығая түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 461,37 теңгені құрап, 3,23 теңгеге төмендеді.

Сонымен қатар, ресейлік рубль 6,15 теңгеге дейін арзандаса (-0,06), қытай юані 67,60 теңгеге дейін төмендеді (-0,67).

Айырбастау пункттерінде доллар 461,4–463,9 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 541,9–547,6 теңге болса, рубль 6,02–6,15 теңге шамасында.

Осы күні әлемдік мұнай бағасы да төмендеді. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 97,63 долларға дейін арзандаса, Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light маркалы мұнай 88,41 долларды құрады.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 464,73 теңге, еуроны 546,57 теңге, рубльді 6,19 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: