Доллар бағамы тағы да төмендеді

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 15:53 Фото: unsplash
16 маусым күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 487,17 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,94 теңгеге арзандады.

Ресей рублінің бағамы да аздап төмендеп, 6,75 теңгені (-0,01) құрады.

Ал қытай юанінің бағамы 72,05 теңгеге дейін түсіп, 0,81 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 487,9-490,1 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда. Еуроның бағамы 564,6-569,7 теңге аралығында болса, рубль 6,49-6,6 теңгеден саудалануда.

Сонымен қатар 16 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,42 долларға арзандап, 45,95 долларды құрады.

Ал Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,31 долларға төмендеп, 47,98 долларға саудаланды.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 491,37 теңге, еуроны 570,48 теңге, ал рубльді 6,78 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: