30 маусымдағы сауда қорытындысы: доллар бағамы айтарлықтай төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:56 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 30 маусымда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 480,72 теңгені құрап, 4,54 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,16 теңгеге дейін төмендеді (–0,06 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 70,88 теңгені құрап, 0,62 теңгеге арзандады.

Ал айырбастау пункттерінде:

  • АҚШ доллары 479–481,6 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр;
  • еуро 545,7–551,4 теңге аралығында саудалануда;
  • Ресей рублі 5,94–6,09 теңге аралығында айырбасталуда.

Сонымен қатар, 30 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 72,26 АҚШ долларын құрап, алдыңғы сауда-саттықтың жабылуымен салыстырғанда 1,22%-ға төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,95%-ға арзандап, бір баррелі 70,08 АҚШ долларына дейін түсті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 30 маусымға арналған ресми бағамды:

  • АҚШ доллары – 485,82 теңге;
  • еуро – 554,03 теңге;
  • Ресей рублі – 6,24 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: