Теңге қарқыны күшейді: доллар, рубль және юань бағамы төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 16:06 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге негізгі шетел валюталарына қатысты нығаюын жалғастырды.

Сағат 15:30-дағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 474,47 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,76 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,05 теңгеге дейін төмендеді (–0,10 теңге).

Қытай юанінің бағамы 70,15 теңгені құрап, 0,73 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттеріндегі бағам

Елдегі айырбастау пункттерінде:

  • доллар 474,8–477,2 теңгеден сатып алынып/сатылуда;
  • еуро 540,8–546,8 теңге аралығында саудалануда;
  • рубльдің бағамы 5,87–6,01 теңге аралығын құрайды.

Мұнай бағасы төмендеді

  • Әлемдік мұнай нарығында да баға төмендеу үрдісі байқалды.
  • Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,77 долларға арзандап, 70,8 долларды құрады.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,74 долларға төмендеп, 67,84 долларға бағаланды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 2 шілдеге арналған ресми бағамды жариялап, долларды 479,26 теңге, еуроны 546,21 теңге, ал рубльді 6,13 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: