9 шілдедегі сауда қорытындысы: доллар бағамы тағы төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 467,41 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,86 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,13 теңгеге дейін көтерілді (+0,02 теңге).
Қытай юанінің бағамы 68,73 теңгені құрап, 0,23 теңгеге төмендеді.
Айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 468–470,1 теңгеден, еуро 534–540,2 теңгеден, ал Ресей рублі 5,79–5,92 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.
Сонымен қатар 9 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
ICE Futures электрондық сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны 1,23%-ға төмендеп, барреліне 77,06 АҚШ долларын құрады.
Ал NYMEX электрондық сауда алаңында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 1,20%-ға арзандап, барреліне 72,64 АҚШ долларына дейін түсті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 9 шілдеге арналған ресми бағамды жариялаған болатын. Оған сәйкес, АҚШ доллары 467,98 теңге, еуро 533,87 теңге, Ресей рублі 6,11 теңге болып белгіленді.