Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Доллары, деньги, курс доллара, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 16:01 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 14 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 464,02 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы да 0,02 теңгеге арзандап, 6,74 теңге деңгейінде тұрақтады. Қытай юанінің бағамы 0,04 теңгеге төмендеп, 68,89 теңгені құрады.

Айырбастау орындарында доллар 461,76–463,58 теңге, еуро 525,83–542,13 теңге, ал рубль 5,17–5,47 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.

14 тамызда әлемдік мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,16%-ға қымбаттап, барреліне 87,24 долларға жетті. Ал америкалық WTI мұнайы 0,60%-ға өсіп, барреліне 81,75 доллар болды.

Шетелдік сарапшылар мұнай бағасының өсуін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессенттің Иранды "экономикалық оқшаулауға" бағытталған бұрын-соңды қолданылмаған шаралар туралы ескертуімен байланыстырады.

14 тамызда таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 465,08 теңге, еуроны 536,52 теңге, рубльді 5,56 теңге деп белгіледі.

Қазақстандағы айырбастау орындарында 14 тамыздың алғашқы жартысында шетел валюталарының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын сілтеме арқылы білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: